ОСАЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ АШУ САЯСАТЫ
Біздің веб-сайттарымыздың немесе қолданбаларымыздың бірінде қауіпсіздік жүйесінің осалдығын байқасаңыз, ол туралы хабарлағаныңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз. Біз барлық заңды мәлімдемелерді зерттеп, кез келген проблеманы жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Төменде қауіпсіздік жүйесінің осалдығы туралы хабарлаудың оңтайлы нұсқаларын ұсынамыз. Құпиялылық мәселесі туралы хабарлағыңыз келсе, біздің деректерді қорғау жөніндегі маманымызға Ferrero құпиялылық саясатында сипатталғандай хабарласыңыз.
Біз адал сатып алушының / зерттеушінің үстінен қарсы сотқа қуыным-талап немесе құқық қорғау органдарына шағым бермейміз. Соған қарамастан, Ferrero тобы төменде берілген Адал жұмыс жөніндегі жетекші принциптерді орындамаған жағдайда барлық заңды құқықтарды өзіне қалдырады.
СЫЙАҚЫ
Қазіргі таңда Ferrero тобы сыйақы бағдарламасын ұсынбайды; демек, ықтимал осалдықтар туралы хабарлағаныңыз үшін ешқандай өтемақы, сыйақы немесе қоғам алдында құрмет көрсету шаралары болмайды.
АДАЛ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР
Адалдықтың дәлелі ретінде біз сізден әдепті мінез-құлық танытуыңызды, яғни сіздің тарапыңыздан мына әрекеттерді күтеміз:
- Ferrero жүйелеріне қатысты деструктивті әрекеттерге жол бермеу;
- біздің техникалық бөліміміз мәселені шешкенше анықталған осалдыққа қатысты ақпараттың құпиялылығын ақылға қонымды уақыт бойы сақтау;
- Ferrero деректері құпиялылығының бұзылуын немесе олардың жойылуын, өзгертілуін немесе эксфильтрациясын болдырмау;
- басқа жүйелерге немесе қызметтерге кіруге тырысқан кезде немесе сақталуды (бэкдор/пәрмен жолынан кіру) қамтамасыз ету үшін осалдықты пайдаланбау;
- ешқандай қолданыстағы заңдарды немесе нормативтік актілерді бұзбау.
ҚОЛЖЕТІМДІ ЕМЕС
Мына осалдықтар Осалдықтарды ашу саясатына сәйкес жариялауға қолжетімді емес:
- спам немесе әлеуметтік инженерия әдістері;
- “қызмет көрсетуден бас тарту” сияқты шабуыл;
- дөрекі күш қолдану әдісімен есептік жазбаларды ашу;
- Ferrero веб-сайттарында жариялау үшін контентті енгізу;
- физикалық кіру рұқсатын сынау (мысалы, нысанға кіру рұқсаты, тэйлгейтинг, құрылғыны ұрлау).
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Ықтимал осалдық туралы хабарлау үшін мына мекенжайға электрондық хат жіберуіңізді сұраймыз: cybersecurity.support@ferrero.com және мына мәліметтерді көрсетіңіз:
- проблеманың сипаты
- проблеманы анықтаған кезіңіз
- проблеманы көрсету әдісі
- проблеманы жою жолы туралы кез келген ойларыңыз
- қысылмай скриптілерді немесе желілік трассаның белгілерін бөлісіңіз.
Мүмкін болса, электрондық хатты ағылшын тілінде жіберіңіз.