Біздің негізгі құндылықтар
Әр істеп жатқан ісіміздің негізінде бастапқы құндылықтарымыз жатыр.
Адалдық пен сенім
Тұтынушыларымыздың қажеттіліктеріне тұрақты көңіл бөліп отыру ашықтық және мінсіз сапамен ынталанған компания саясатының негізінде жатыр. .
Біздің тұтынушыларға деген адалдығымыз және олардың күнделікті сатып алулардағы өнімдерімізге деген сенімі олармен ұзақ мерзімді қарым-қатынасымыздың негізі болып табылады.
Компаниямыздың тәжірибесі әріптестер арасындағы сенімге, Топқа және біз күнде араласатын азаматтық қоғамның мүдделі тұлғаларына деген адалдық пен ашықтыққа негізделген.
Сыйластық және жауапкершілік
Теңдей қарау қағидасына деген сыйластығымыздың арқасында қызметкерлеріміздің кәсіби де, дара да өсуіне қолғабыс етеміз. Бұл сондай-ақ біз істейтін аумақтардағы жергілікті қауымдастықтармен берік байланысымызды нығайта түседі.
Біз жұмысқа алудан бастап, барлық Топтағы жұмысқа алу тәжірибелерінде кез келген кемсітушілікке жол бермеуге ұмтыламыз.Біздің жұмыспен қамту Стратегиямыздың негізгі мақсаты бұл кәсіби өсу және еңбекті тану қағидаттарына негізделген ұзақ мерзімді қатынастарды орнатудан тұрады.
Біз қызметкерлерімізге кәсіподақтарға мүше болу еркіндігіне кепіл береміз және кәсіподақтар рөлін келісімшарт мәселелерінде мойындаймыз.
Адам денсаулығын қорғау және қоршаған ортаға деген құрмет – күнделікті жұмыстарымыздың негізі. Біз нысандарымызды жаңартылатын ресурстарды қоса, су, энергия, шикізат және басқа да материалдар сияқты тұрақты даму қағидаларына жауап беретін ресурстарын пайдаланып басқарамыз. Бұған қоса, біз қоршаған ортаға тигізетін әсерімізді негізінен шығарындыларды қысқарту, қоқыстарды жою және қоқыстарды дұрыс басқару арқылы барлық формада азайтуға ұмтыламыз.
Ferrero Group компаниялары қай жерде жұмыс істеп жатса да, адам абыройын қорғауды, сондай-ақ адам құқықтарын кез келген жерде абсолютті және шартсыз құрметтеуді қолдаймыз.
Біз өзіміздің өнімдерімізді шығару әрі жеткізу үдерісіміздің барлық тізбегінде мәжбүрлеп еңбекке тарту мен балаларды еңбекке тартудың барлық формаларын жоямыз және алдын аламыз.
Адалдық және ұстамдылық
Жарнаманы қоса, тұтынушылармен байланысымыз біздің моральдық және этикалық қағидаларымызға сәйкес адам абыройын, отбасы мен балалар құндылықтарын құрметтеуге негізделген. Олар өнімдерімізді дұрыс пайдалану жөніндегі ұсыныстарға негізделген және салауатты өмір салтын насихаттаумен шабыттанған.
Біздің халықаралық, ұлттық және жергілікті ұйымдарға қатысты мүдделерді қорғау тәжірибелеріміз берік ғылыми білімге негізделген және зияткерлік, мінез-құлықтық адалдық және ашықтықпен үздіксіз ынталанып отырады.
Сапаға, зерттеу мен инновацияға деген құштарлық
Бұл іскерлік рухты өз кезегінде максималды нәтижеге жету үшін өз бастамасымен әрекет етуге түрткі болатын кәсіпорын және кәсіпкерлік әлеует ұғымдарын қамтитын «бастама» сөзімен байланыстыруға болады.
Тамаша стратегия мен табыстылықтың арасындағы айырмашылық – болашақты анық көре білу қабілетінде, инвестиция салуға бастамашыл болуда, бастамаларыңды уақытылы қолға алуда және мінсіз орындауда.
Ferrero Group осындай табыстылыққа «істеу арқылы үйрену» деген берік әрі тереңінен тамыр жайған мәдениеттің арқасында жетті. Ferrero моделінің тұрақты дамуындағы шешуші элемент - ол «құндылықты жасаудан» «жасау құндылығына» жол бастайтын техникалық дағдыларды, өнімдер, нарықтар және тұтынушылар туралы білімді уақыт бойы жинақтау.
Ұжымның ұлы болмысы озықтық пен бүгіннен де жарқын болатын болашақты көре білу қабілетімен ынталанған. Оның себебі әлем сәттілік пен өзін-өзі танытуды қалайтындарға және әрдайым кемелдікке ұмтылуға бел буғандарға бағынады.
Кәсіпкерлік қызмет
Осы кәсіпкерлік қызмет дегенімізді барынша жоғары нәтижелерге жету үшін өз бастамасы бойынша әрекет етуге серпін беретін кәсіпорын және кәсіпкерлік тұжырымдарын білдіретін «бастама» сөзімен байланыстыруға болады.
Тамаша стратегия мен табыстылықтың арасындағы айырмашылық – болашақты анық көре білу қабілетінде, инвестиция салуға бастамашыл болуда, бастамаларыңды уақытылы қолға алуда және мінсіз орындауда.
Ferrero Group осындай табыстылыққа «істеу арқылы үйрену» деген берік әрі тереңінен тамыр жайған мәдениеттің арқасында жетті. Ferrero моделінің тұрақты дамуындағы шешуші элемент - ол «құндылықты жасаудан» «жасау құндылығына» жол бастайтын техникалық дағдыларды, өнімдер, нарықтар және тұтынушылар туралы білімді уақыт бойы жинақтау.
Ұжымның ұлы болмысы озықтық пен бүгіннен де жарқын болатын болашақты көре білу қабілетімен ынталанған. Себебі бұл әлемді табыстылық пен өзін танытқысы келетіндер және үздіксіз мінсіздікке ұмтылуға батылдығы жеткендер әрқашан жеңетін болады.
Қызмет ет, шығармашыл бол, қайырымдылық жаса – Ferrero қоры.
Біз өзімізді қызмет жолының басында Микеле Ферреро ойлап тапқан және енгізген қызмет ет, шығармашыл бол, қайырымдылық жаса ұранымен айқындаймыз. Байыбына келгенде, біз «әрекет еткендей көрінгеннен гөрі» «әрекет ету этикасын» таңдаймыз.
Осы философия шабыттандырды және әлі де шабыттандырып келеді:
- Ferrero қоры Топтың қарым-қатынасын әлеуметтік-мәдени бағдарламалар арқылы зейнетке шыққан қызметкерлерімен сақтап отыруға, сондай-ақ біз істеп жатқан жергілікті қауымдастықтармен байланысты нығайтуға арналған;
- «Progetto Imprenditoriale Michele Ferrero» инвестицияларға және балаларға ерекше көңіл бөле отырып, дамушы елдердегі халықтың өмірін жақсарту үшін игерілген ресурстарды пайдалануға негізделген;
- Бүкіл Ferrero Group өмір салтымыз бен қызметіміздің ажырамас бөлігі ретінде әу бастан әлеуметтік жауапкершілік саласында қызметпен айналысқан.
Бүгінде Джованни Ферреро компанияны атқарушы төраға ретінде сәтті басқаруды жалғастыруда. Ferrero - да біз тұтынушылардың өзгеретін қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімдерді жасаудың жаңа тәсілдерін үнемі зерттейміз. Біздің бірегей өнімдеріміз бен брендтеріміздің сапасына кепілдік беру үшін бөлшектер маңызды екенін білеміз.