Skip to main content
Hazelnuts
Hazelnuts

Орман жаңғағы

ӨНІМДЕРІМІЗДЕГІ ФИРМАЛЫҚ ИНГРЕДИЕНТ

Орман жаңғақтары көптеген Ferrero өнімдерінің бірегей дәмін сипаттайды.

Орман жаңғақтарын Жерорта климатында өсетін орманжаңғақ ағаштарынан алады. Бұл жеміспен байланысты болған тәжірибеміз бен дәстүріміз 1946 жылы Ferrero негізі қаланған Пьемонттың Альба мен Ланге аймағындағы тамырымыздан басталады.

Біздің қызмет

Орман жаңғағын әлемнің түкпір-түкпірінен аламыз. Жоғары сапалы әрі балғын орман жаңғақтарымен жыл бойы қамтамасыз ету мақсатында біз орман жаңғағын солтүстік жартышарда да, оңтүстік жартышарда да өсіреміз. Негізі өсіретін елдер: Түркия, Италия, Чили және АҚШ.

Our main hazelnuts map sourcing areas
Chile
USA
Italy
Türkiye
Hazelnut
Тұрақты даму жол картамыз: Ferrero орман жаңғағы жарғысы

Ferrero орман жаңғағы жарғысында орман жаңғағын жауапты әрі тұрақты даму қағидаларына сай жеткізу тізбегіне қол жеткізу бойынша үш негізгі бағыт баяндалған:

  1. Фермерлерді қолдауға, балаларды қорғауды қамтамасыз етуге және еңбек құқықтарына құрмет көрсетуге айрықша назар аудара отырып, адам құқықтары мен әлеуметтік қызметтер
  2. Тиімді ауылшарушалылық әдістерін және биоалуантүрлілікті көтермелеу арқылы қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға үлес қосу
  3. Жеткізушінің ашықтығы – біздің орман жаңғағын жеткізу тізбегінің толық бақылануы үшін жұмыс істеуге деген міндеттемеміз

Орман жаңғағы бойынша жетістіктер есебімізде осы міндеттемеге қатысты жыл сайынғы жетістіктеріміз беріледі.

Адамдар біздің жеткізу тізбегінің негізінде

Ferrero барлығы үшін құн жасайтын, орман жаңғақтарын тұрақты даму қағидаларына сай жеткізу тізбегімен қамтамасыз етуді айнымай ұстанады. Біздің өршіл мақсат – фермерлер мен қауымдастықтары гүлденіп, жұмыскерлер мен балалар құқықтары сөзсіз құрметтелуі үшін орман жаңғағы өнеркәсібінің дамуына көмектесу.

Түркиядағы орман жаңғағын жеткізу тізбегінде еңбек шарттарына және балалар еңбегін пайдалану қаупіне қатысты күрделі және жүйелі мәселелер бар.

Біздің ісіне адал Ferrero Farming Values (FFV) командасы ақпараттандыру және әлеуметтік әдістерді жақсарту мақсатында фермер қауымдастықтармен өзара әрекеттесіп Түркияда жүр. FFV бағдарламасының аясында мигрант-жұмысшылардың балаларын білімге қолжетімділікпен қамтамасыз етіп, фермерлер мен олардың отбасыларына бала құқықтары туралы және білімнің маңыздылығы туралы ақпарат береміз. Біз орман жаңғақтары ағаштарының кесілетін аймақтарында балаларға қамқорлық көрсету мен білім алуларына қолдау көрсету үшін сенімді үшінші тараптармен де, соның ішінде Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ) бірлесе жұмыс жасаймыз.

Ауылшаруашылық саласы бойынша білімді жетілдіру және бөлісу

Чилиде, Аргентинада, Грузияда, Аустралияда және Сербияда біз орман жаңғақтарын өсіретін «агрофермаларды» салдық. Бұл агрофермалар бізге жаңа аймақтарда орман жаңғақтарын өсіруді түсінуге көмектесіп, ауылшарушылығына қатысты және әлеуметтік тиімді әдістерді орман жаңғақтарын өсіруші фермерлермен әзірлеп, бөлісу арқылы тұрақты дамуға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің Чилидегі, Сербиядағы және Аустралиядағы агрофермалар Қоршаған ортаға зиянсыз өсіру бойынша стандартына сәйкес сертификатталған және бүгінгі таңда, біз басқа да агрофермаларымызға болашақта осы сертификатты алу үшін жұмыстанып жатырмыз.

Орман жаңғағы сапасы мен өнімділігін арттыру үшін және суды оңтайлы пайдалану техникаларымен қоса, тұрақты дамуды нығайту үшін біз жетекші университеттермен және халықаралық сарапшылармен жұмыс істейміз. Болашақта біз орман жаңғағы шаруашылығының тиімді әдістерін көрсетуге негізгі күшімізді саламыз."

Біздің орман жаңғақтарын дайындау үрдісінің жариялығы және бақылану мүмкіндігі

Орман жаңғақтарын жеткізу тізбегін толықтай бақылауға ұмтыламыз. Осы мақсатта жеткізу тізбеген карталау және сандық ашықтық шешімдердің жетекші провайдері Sourcemap-пен серіктестікке отырдық. Біз бірлесе отырып, орман жаңғақтарын фермер бағынан зауытқа дейін ғаламдық бақылау платформасын әзірледік.

Inhouse expertise
Отандық тәжірибе

Ferrero Hazelnut Company компаниясы – сапаны, тұрақты дамуды және инновацияны қамтамасыз ету үшін орман жаңғақтарына қатысты барлық жұмыстармен айналысатын 3 000 аса жұмыскері бар Ferrero маманданған бөлімі. Ferrero Hazelnut Company туралы көбірек мына сілтемеден біліңіз.

Leonardo Bonanni

«Ашықтық деңгейін арттыру, әлеуметтік стандарттардың сақталуын және орман жаңғағының қатаң сапа спецификацияларына сәйкес келуін қамтамасыз етуде Ferrero орман жаңғағы жеткізу тізбегін бақылауға үлес қосатынымызға қуаныштымыз.»
Леонардо Бонанни, Sourcemap негізін қалаушы әрі бас директоры.

БІЗДІҢ FERRERO FARMING VALUES ЖАҢҒАҚ ӨСІРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ferrero Farming Values
Феррероның фермерлік құндылықтары (FFV)

Ferrero Farming Values (FFV) бағдарламасы орман жаңғағын қоса, негізгі шикізаттарымыздың тұрақты даму қағидаларына сай жеткізу тізбектерін әзірлеуге бағытталған. Орман жаңғағына арналған FFV бағдарламасы Ferrero Hazelnut Company ғаламдық тәжірибесін біріктіретін, түрлі елдер үшін бейімделген төрт қызмет бағытынан құралған.

Agri Competence Centre
Агро-біліктілік орталығы

Сапа мен өнімділікті арттыру, сондай-ақ тұрақты дамуды нығайту үшін біздің сарапшылар мен серіктестер орман жаңғағын өсіру саласындағы ғылыми білімдер құрап, бөліседі. 

Agrifarms
Агрофермалар

Агрофермаларымызда алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық жүргізу және әлеуметтік тәжірибені көрсете отырып, тұрақты даму секторының дамуына көмектесеміз. 

Agribusiness Development
Агробизнесті дамыту

Фермер бірлестіктері және институтционалды органдар сияқты серіктестерімізбен бірге біз орман жаңғағын өсіруге әлем бойынша қолдау көрсетеміз. Біз сапа мен егін өнімділігінің артуына және тұрақты дамудың нығаюына көңіл бөлеміз.

Traceability and sustainability
Бақыланушылық және тұрақты даму

Орман жаңғақтарын жеткізу тізбегін ферма деңгейіне дейін толықтай бақылауға ұмтыламыз. Біз еңбек жағдайлары мен әлеуметтік тәжірибелердің жақсаруын белсене қолдаймыз.

Ферреро өзінің саяхатын 1946 жылы Италияның Пьемонт қаласындағы Альба шағын қаласында бастады. Бүгінде бұл 170-тен астам елде сатылатын 35-тен астам танымал брендтері бар әлемдегі ең ірі тәтті оралған азық-түлік компанияларының бірі. Ferrero компаниялар тобы Nutella®, Kinder®, Tic Tac® және Ferrero Rocher®сияқты сүйікті тағамдар мен тағамдар арқылы бүкіл әлемдегі адамдарға қуаныш сыйлайды. Collaborators компаниясының 47 000-нан астам қызметкері адамдарға өмірдің ерекше сәттерін атап өтуге көмектесуге құмар. Ferrero Group отбасылық мәдениеті, қазірдің өзінде үшінші ұрпақ, біз жұмыс істейтін планета мен қауымдастықтарға сапа мен кемелдікке, мұраға және адалдыққа ұмтылуға негізделген.