ОТБАСЫ ХИКАЯСЫ
Біз Италияның Альба қаласында кішкентай кондитерлік кәсіпорыннан ұлтаралық деңгейге жеткен компанияның отбасылық меншікте болғанына мақтанамыз, біздің әлемнің әртүрлі елдерінде халыққа ұнайтын танымал брендтеріміздің артында осы іске бар ынтасын және тәжірибесін салған үштен аса ұрпағымыз тұр.
FERRERO ХИКАЯСЫ
Біздің италиялық тамырымыздан бастау алатын қызықты болашақ
Ferrero Group тарихы – бірлігі жарасқан пьемонттық отбасы мен үш ұрпақтың табыстылығының тарихы. 1946 жылдан бастап Пьетро мен Джованни Ферреро кішкентай отбасылық кондитерлік цехте кейін Ферреро атын анықтаған өнімдерді шығару үшін бірге жұмыс жасай бастады.
Пьетро инновация мен жасампаздықтың қозғаушы күші еді, кейін бұл оның ұлы Микеле Феррероға біз бүгін білетін Ferrero компаниясының негізін қалауға іргетас болды. Пьетро тәжірибе жасауға құмар еді, достары оны бұл үшін еркелетіп «ғалым» деп атайтын. Ол әрқашан жаңа дәмдер мен текстураларды тауып, Италияның Альбасындағы шағын кондитерлік дүкенінде адамдарды таңқалдыру әрі тамсандыру үшін жұмыс істейтін.
Оның інісі Джованни араларындағы коммерцияның генийі еді, ол Микелеге Италияда жаңа өнімдерді сынауға және таныстыруға мүмкіндік берген ұлттық сату желісін қалыптастыруға көмектесті.
Қазіргі таңда Ferrero Group әлемнің 170-тен аса елдерінде сатылып жатқан 35-тен аса Kinder®, Nutella®, Ferrero Rocher®, және Tic Tac® сияқты танымал брендтері бар оралған тәттілер шығаратын ең ірі компаниялардың бірі.
Жергілікті бастаулардан халықаралық деңгейге дейін
Ferrero отбасы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кондитерлік салада шет елде зауыттар мен кеңселер ашқан алғашқы италиялық өндіруші, сөйтіп ол компанияны нағыз халықаралық ойыншыға айналдырды.
Оның халықаралық кеңеюі 1956 жылдың басында Германияда ірі зауыт ашқаннан басталды. Қысқа уақыт өте Ferrero екінші халықаралық зауыты Францияда ашылды, содан бастап ол жылдам өсе бастады. Нәтижесінде, Ferrero қазіргі таңда Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Африкада, Австралияда және Оңтүстік-Шығыс Азияда жұмыс жасап жатыр.
Үшінші ұрпақ буыны басқарып келе жатқан, әлі де отбасылық компания болып табылатын Ferrero мұрасына, тәжірибесіне және даңқты тәттілеріне сүйене отырып, жаңа өнімдерді шығарып әрі Thorntons, Fannie May, Butterfinger, Eat Natural және балмұздақ өндірушісі Wells Enterprises сияқты брендтерді отбасына қосып, өсуін жалғастыруда.
«Дәстүр дегеніміз садақ іспеттес. Садақ жібін қатты тартқан сайын, заманауилық пен инновация жебесін алысқа ұшыра аламыз.» – Джованни Ферреро, 2018.
2017 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Альба қаласына жасампаз гастрономия қаласы деген ат қойды. Ол бүкіл әлемге өзінің орман жаңғақтарымен, шарабымен және дәстүрлі ақ трюфелімен танымал. Жасампаз гастрономия атағын тамақ сапасын анықтайтын, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және өндірушілер мен тұтынушылар арасында бағаның әділ болуын қадағалайтын Альба қаласындағы «Slow Food» ұйымы да мойындады.
«Бәрі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Шоколадтың қымбат болғаны соншалық – ешкімнің қалтасы көтермеді, кемінде Италияда. Бізде шоколадтың өз формуласы болды; оның түп тамыры Альбадағы жергілікті қауымда таралған, себебі ол жерде жер жаңғақтары мол болды. Біз «құрамында какао аз, ал орман жаңғақтарының жоғары құнарлы қасиеті бар жаңа рецептіні қалай жасаймыз?» деп ойландық. Менің атам осы формуланы табу үшін өмір сүрді. Ақырында, ол қарапайым Super Crema деп аталатын рецепт ойлап шығарды.
Кәсіпкерлік қанында бар бұл отбасында бір қызығы, 20 жыл өткен соң, оның ұлы, яғни менің әкем келіп былай деді: «біз бұны ары қарай жетілдіре аламыз; жаңа технологиялар бар, яғни осы жеңімпаз рецептіні біріктірудің жаңа жолдары бар». Ол дәл мен дүниеге келген 1964 жылы Nutella-ны шығарды. Сонымен, менің отбасымдағы кіші інім Nutella!»
FERRERO GROUP ИЕЛЕНГЕН КОМПАНИЯЛАР
Nutella® дүниеге келді
Нарыққа Kinder® Chocolate шоколады шығарылды
Осы санаттың еркесі Tic Tac® жарыққа шықты
Kinder отбасы ұлғая түсті: Kinder® Surprise дүниеге келді
Ferrero Rocher® шығарылды
Біздің брендтер
Өмірдегі барлық жақсы нәрселерге деген ауызбіршілік пен қуанышты дәріптейтін барлық Ferrero брендтерін бір жерден табыңыз. Асыға күтетін және мейірлене еске алатын бірегей қуаныш сәттерін жасау үшін біз өнімдерімізді қамқорлықпен және құштарлықпен жасаймыз.
Көбірек біліңіз