Жауапты маркетинг
Біз маркетингтік коммуникациялардың тұтынушыларға олар сатып алатын және тұтынатын тамақ өнімдері туралы тиісті таңдаулар жасауға көмектесуін қамтамасыз еткіміз келеді.
ЖАУАПТЫ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ЖАРНАМА
Біздің міндеттеме
Ferrero-да біз көп жағдайда заңнама талаптары аясынан жоғары қатаң маркетингтік коммуникация стандарттарын орындау арқылы тұтынушыларға олар жейтін және ішетін өнімдер жайлы жауапты шешім қабылдауда көмектесеміз.
Әсіресе, балаларға арналған маркетингке қатысты Ferrero-ның жарнама және маркетинг қағидалары айқын: біздің жарнамалар мен маркетингтік коммуникациялар 13 жастан кіші балаларға арналмаған. Бұған қоса, ең жоғарғы сәйкестік деңгейімен қамтамасыз етуге және жұмыскерлерімізді ішкі нұсқаулықпен және оқытумен қамтамасыз етуге жұмыс істейміз.
Шынайы әрі дәл ақпаратпен қамтамасыз ететін өзін-өзі тиімді реттеу тұтынушыларымыздың мүддесіне жұмыс істейді деп сенеміз. Сондықтан Ferrero жергілікті стандарттар мен заңнамаларға қоса, бірнеше ерікті міндеттемені орындайды.
Барлық маркетинг коммуникацияларында біз жауапты маркетинг пен жарнама коммуникацияларын насихаттайтын әлемдегі алдыңғы қатарлы бизнес-ұйым Халықаралық сауда палатасы қабылдаған тамақ өнімдері және сусындар жөніндегі жауапты коммуникациялар тұжырымдамасын қолданамыз. Біз ұйымдастырушы мүшесі болып табылатын халықаралық тамақ өнімдері мен сусындар альянсы (IFBA) қабылдаған ғаламдық жауапты маркетинг саясатын да ұстанамыз. Ferrero сондай-ақ жауапты жарнамалауға қатысты тиімді тәжірибелерді насихаттайтын халықаралық ұйым Жарнамашылардың әлемдік федерациясының (WFA), мүшесі болып табылады.
Осы ерікті міндеттемелердің орындалу қажеттігін мойындаймыз. Сәйкесінше, біз деңгейлерінің ұлттық, аймақтық немесе ғаламдық салалық міндеттемелерге сәйкестігін бағалау үшін сыртқы мониторингқа қатысамыз, ал сәйкеспеген жағдайда жарнамамызға өзгертулер енгіземіз.
Әсіресе, балаларға арналған маркетингке келгенде Ferrero-ның жарнама және маркетинг қағидалары айқын: Біздің жарнамалар мен маркетингтік коммуникациялар 13 жастан кіші балаларға арналмаған. Ең жоғарғы сәйкестік деңгейімен қамтамасыз етуге және жұмыскерлерімізді ішкі нұсқаулықпен және оқытумен қамтамасыз етуге жұмыс істейміз.
Ferrero ата-аналар балаларына теңгерімді тамақтану мен салауатты және белсенді өмір салтына тәрбиелеуде шешуші рөл ойнайды деп біледі. Біздің барлық жарнама және маркетингтік коммуникациялар сатып алу туралы шешім қабылдайтын ересектерге және, егер тиісті жергілікті стандарттар не заңнама жоғары жасты талап етпесе, контентті және жаппай ақпаратты сатып алу тұрғысынан 13 жастағы және одан үлкен жасөспірімдерге бағытталған.
Тәуелсіз ұйымдар балаларға арналған жауапты маркетингіміздің салалық бастамаларға сәйкес келуін жыл сайын қадағалап отырады. Мысалы, тележарнамаларды Ebiquity компаниясы, ал бренд веб-сайттарын, әлеуметтік желілердегі профайлдарды және инфлюенсерлік маркеттингті Еуропалық жарнама стандарттары альянсы (EASA) бақылап отырады. Біздің сәйкестік көрсеткіштерімізді соңғы Тұрақты даму туралы есептен оқи аласыз.