Какао
КАКАО ЖЕТКІЗУШІНІ ТАҢДАУ ТӘСІЛІМІЗ
Какаоның қаныққан дәмінсіз біздің өнімдер қазіргідей болмас еді. Біздің нақты сапалық талаптарымыздың орындалуымен қатар, біз адамдар мен ғаламшарға пайдалы какао өнеркәсібін құруға деген ұмтылысымызды іске асыратын жеткізу тізбегі арқылы какаомен жабдықталамыз. Ferrero өнімдеріндегі какао түгелдей Rainforest Alliance, Cocoa Horizons немесе Fairtrade Foundation сияқты тәуелсіз басқарылатын тұрақты даму стандарттарына сәйкес жеткізіледі. Сонымен қатар какао бұршақтары физикалық түрде фермаларда қадағаланатындықтан, бұл Ferrero какао жарғымыздағы міндеттемелерімізге сәйкес жергілікті фермелер мен қауымдастықтарды қолдауға көмектеседі.
"Біздің қанық какао әлемнің барлық какао-фермерлерінен келеді, бірақ басым бөлігі Кот-д'Ивуар мен Гана елдерінен, бұлардың үлесіне әлемдік какао өндірісінің 65% келеді, қалғаны Нигерия, Камерун, Эквадор мен Колумбия үлесіне тиеді. Көптеген фермерлер экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелермен беттеседі. Басым бөлігі батыс Африкада орналасқан какао өндіретін екі млн шағын фермердің көбісі кедейшілікте өмір сүреді, бұл өз кезегінде бала еңбегі, мәжбүрлі еңбек және ормандарды кесуді қоса, басқа да жүйелі мәселелердің негізгі себебі болып келеді.
Ferrero фермерлерге өмір сүру жағдайларын жақсартуға көмектеседі.
Какаоны өсіру әдістерін жақсарту үшін оларға ауыл шаруашылықты экологиялық жүргізу әдістерін ендіруде қолдау көрсетеміз. Фермерлердің, қауымдастықтарының және осал топтардың өмір жағдайларын жақсарту үшін оларға табыс көздерін әртараптандыруға да көмектесеміз. "
Ecuador
Ghana
Негізгі нәтижелер
- Біздің какао 100% Rainforest Alliance, Cocoa Horizons, Fairtrade сияқты және басқа да тұрақты дамудың тәуелсіз стандарттарына сәйкес таңдап алынады
- Біз103 мектеп пен 49 мектеп асханасын салдық және жөндеуден өткіздік
- Ferrero компаниясына қатысты какао фермерлер тобының 99% Бала еңбегін бақылау және жою жүйесімен (CLMRS) немесе осыған ұқсас жүйемен қамтылған, бұл жүйелер баланың еңбекке тартылу және пайдалану жағдайларын анықтап жояды.
- Біз технологияны фермалар мен ресурс аймақтарының орналасуын, көлемін және өнімділігін білу мақсатында оларды картаға түсіру үшін пайдаланамыз.
- Біз фермерлерге бес миллионнан астам какао ағашын жеткіздік.
- Біздің какао фермерлерінің шамамен 1/3 бөлігі ферма және бизнес-жоспарлау бойынша жеке коучинг алды.
- Біз 25000-нан аса адамға сабын шығару, омарта ісі немесе тауық өсіру шаруашылықтарын жүргізу арқылы табыс табудың басқа көздерін меңгеруге көмектестік.
2008 жылдан бері Ferrero компаниясы International Cocoa Initiative (ICI) ұйымының мүшесі болып табылады, бұл ұйым балаларға жарқын болашақты қамтамасыз етуге және Кот-д'Ивуар мен Ганада кәмелетке толмаған балаларды еңбекке тартуды жоюға бағытталған. Біз, сондай-ақ, Child Learning and Education Facility (CLEF) қорымен серіктеспіз, бұл өз кезегінде Кот-д'Ивуардың какао өсіретін аймақтарындағы алты миллионнан астам балаға сапалы білім алуына мүмкіндік туғызу мақсатында Кот д'Ивуа үкіметін, компаниялар мен қорларды бірге біріктіріп отыр. Біз сондай-ақ бұрыннан бері World Cocoa Foundation (WCF) қорының мүшесіміз.
Балалар құқықтарын қорғау
Ferrero ғаламдық жеткізу тізбегінде адам құқықтарын көтермелейді және біз бала еңбегін қорғауға көмектесеміз. Біз білімге, жақсы тамаққа және таза ауыз суына қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, какао өсіретін қауымдастықтардағы отбасылардың балаларына қолдау көрсетеміз. Бас серіктестермен жұмыс істей отырып, біздің кешенді тәсіл үй шаруашылықтарын, аудандық, аймақтық және ұлттық іс-шараларды біріктіреді. Мақсаттарымызға қол жеткізуде өзімізге қолдау көрсету үшін Save the Children мемлекеттік емес ұйымымен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік орнатып, серіктестікті 2021 жылы ұзарттық. Бұл серіктестік 5 жыл ішінде Кот-д'Ивуардағы 65 какао шығарушы аймақта 90 000 балалар мен ересек адамдарға пайда әкелді.
Өзгерістер әкелуде және балаларды қорғауды қамтамасыз етуде әйелдердің маңызды рөлін есепке ала отырып, біздің қызмет олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Біз сондай-ақ фермерлерді бала құқықтары жайлы құлақтандырамыз және CLMRS (Бала еңбегін бақылау және жою жүйесі) деп аталатын бала еңбегін пайдалану жағдайларын анықтауға және оларды түзетуге арналған жүйелерді ендіріп жатырмыз.
«Бала еңбегін пайдалану – батыс Африкадағы басты мәселе және оның түпкі себебі – кедейшілік және бастауыш білім мен ақпараттандырудың жетіспеушілігі. Осы мәселелерді басты мүдделі тараптармен біріге отырып шешуге тырысу арқылы ғана біз балаларды қорғауды, сапалы білімді және жасөсіпірімдер мен жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қауымдастықтар дамуының басты активтеріне айналдыра аламыз. Біз Ferrero-мен жұмыс істеуге және компанияның тиісті қатысушылармен әріптесе отырып, какаоны әділ әрі тұрақты даму қағидаларына сай жеткізу тізбегіне өз үлесін қосуға деген ұмтылысын қолдауға қуаныштымыз. Барлық салынған күш-жігердің арқасында мыңдаған баланың өмірі айтарлықтай жақсарады,»
Даниэла Фатарелла, Save the Children ұйымының италиялық бөлімінің бас директоры
Какао өндіретін секторда орман кесуді тоқтату
Ferrero компаниясы какаомыздың қорғалған аймақтардан болмауына және ормандарды кесуге себепкер болмауына толықтай міндет алған.
Cocoa & Forests Initiative (CFI) бастамасының негізін қалаушылардың бірі ретінде біз басқа да әлемдік жетекші какао және шоколад өндіруші комппаниялармен және Кот-д'Ивуар мен Гана үкіметімен серіктесіп, ғаламдық какао жеткізу тізбегінде орман кесу мен ормандардың тозуын тоқтатуға міндеттенеміз. Біздің жылдық Cocoa & Forests Initiative есебімізден жетістіктеріміз жайлы оқи аласыз.
Ferrero компаниясында біз жеткізу тізбегіміз жоғары деңгейде бақылануы және көрінуі үшін жылдар бойы ерен еңбек атқардық. Біз фермалар мен егіс алқаптарын карталау технологиясын пайдаланып, олардың орналасу орнын, көлемін және өнімділігін біліп отырамыз.
Сонымен бірге біз қоршаған ортаны қорғауға және биоалуантүрлілікке, климаттық өзгерістің ықпалын шектеуге айтарлықтай көмектесетін бірқатар шараларды іске асырамыз. Мысалы, біз какао өндіруші фермерлерді ауыл шаруашылығын тиісті түрде жүргізуге үйретіп, көптеген мақсаттарға қолданылатын ағаштарды тарату және егуде, аграрлық орман жүйелерін дамытуға көмектесеміз.
Ашықтығымызды арттыру үшін біз ингредиенттер жеткізетін жеткізушілер мен арнайы фермер топтарының тізімін жыл сайын жариялаймыз.