Көшбасшылар командасы
FERRERO КӨШБАСШЫЛАР КОМАНДАСЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ
Ferrero Group 170 аса елде сатылымда бар Kinder®, Nutella®, Ferrero Rocher® мен Tic Tac® сияқты брендтерін қоса 35 аса таңдаулы брендті шығаратын әлемдегі ең ірі кондитерлік компаниялардың бірі болып табылады.
1946 жылы Италияның Альба қаласында негізі қаланған сәттен бері Ferrero компаниясы жеке, отбасылық компания болып саналады - қазіргі таңда үшінші ұрпаққа жалғасқан. Қазір компания басында директорлар кеңесінің төрағасы Джованни Ферреро мен бас атқарушы директор Лапо Чивилетти тұр.
Акционерлер жиналысы, директорлар кеңесі, төраға мен бас директор жобалар мен бастамаларды Топтың ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына сәйкес бағыттайды.
Ferrero компаниясындағы көшбасшылар командасы тәжірибелерді басқарып, әлемде біз істеп жатқан барлық аймақтарға ықпалды басқару үшін біздің саясаттар мен бағдарламаларды әзірлеу жолдарын анықтайды. Ferrero Group тобын тұрақты дамумен қамтамасыз ету, бизнес мақсаттарға жету және ашықтықпен қамтамасыз ету біздің дамуымызбен және инновацияға шабыттануымызбен қатар жүретін команданың басты міндеті болып табылады. Біз істеп жатқан барлық нәрседегі мінсіздікке деген ұмтылысымызда новаторлық ақыл иелерімен серіктесу мен корпоративтік басқару модельдерін қолданудың қалай көмектесетінін біліңіз.
- Топтың ұзақ мерзімді бағыты мен стартегиясын біздің мәдениет пен құндылықтарға сәйкестігін қарау және мақұлдау.
- Жаңа бизнес бағыттар мен серпілісті инновацияларды анықтау.
- Директорлар кеңесі төрағасының ұзақ мерзімді басшылық нұсқаулығына сәйкес қысқа мерзімді және орта мерзімді нәтижелерге қол жеткізу.
- Ұзақ мерзімді басшылық нұсқаулыққа сәйкес бизнес-мақсаттарымызды анықтауға ат салысу үшін біздің басқарушы қабілеттерімізді максималды түрде пайдалану.