Ferrero іскери әдеп кодексі
Біздің қағидалар мен стандарттар
2011 жылғы мамырда қабылданған Ferrero Group Іскери әдеп кодексі алғаш рет 2011 жылдың маусымында екінші КӘЖ есебінде жарияланып, 2013 жылдан бері құн тізбегіндегі барлық мүдделі тараптарға қолданылады.
Кодекс Ferrero қағидалары негізінде құрылған және Топтың этика кодексіне сәйкес келеді де, мына санаттардағы Ferrero тәсілдерін айқындайды:
- Сапа мінсіздігі мен өнімдер қауіпсіздігі;
- Адам құқықтарын қорғау бойынша міндеттеме;
- Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға үлес қосу;
- Жұмыс орнында еңбек жағдайларына деген кепілдік;
- Кәсіпкерлік қызметтегі адалдық.
Бұған қоса, біз 2013/2014 жылдары қол қойылған жаңа келісімшарттарға, атап айтқанда KINDER® ойыншықтарын өндіру мен аутсорсингтік өндіріске (өндіріс туралы келісімдер) қатысты салаларда, Кодексті мойындау және қабылдау талабын қоса бастадық.
Кодекс ABCDE (Іскери кодекс бойынша диалогтық әрекеттестік) деп аталатын ортақ жоспарға бағынады.
Ferrero Integrity Helpline біздің Этика кодексімізбен және/немесе Іскери әдеп кодексімізбен байланысты хабарларды құпиялық шартында алуға арналған. Ол күніне 24 сағат, жылына 365 күн істейді және 43 тілде қолжетімді. Ferrero Integrity Helpline желісін үшінші тарап – Convercent компаниясы басқарады. Хабар Convercent компаниясына жіберілгенде, ол бірден Ferrero басқарушы комитетінің қарауына түседі.
Ferrero Integrity Helpline желісіне хабарласып, сұрақ қою, жағдайды хабарлау немесе жергілікті телефон нөмірін білу үшін мына сілтемені басыңыз.